Аймағамбетова Малика Мұратовна 1983 жылы туған. 2005 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің филология факультетін үздік аяқтады. 2007-2011 жылдар аралығында Еуразия гуманитарлық институтының (Алматы қ.), шет тілдері кафедрасында аға оқытушысы болып қызмет атқарды. 2011-2016 жылдары – Шет тілдер және іскерлік карьера университетінің (ШТІКУ), шет тілдер кафедрасының аға оқытушысы. 2012-2014 жылдар аралығында Шет тілдер және іскерлік карьера университетінің магистратурасын «Шет тілі: екі шет тілі» мамандығы бойынша үздік аяқтады. 2014-2017 жылдары орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының жанындағы филология және көптілді білім беру институтының докторантурасында «Филология» мамандығы бойынша оқыды. 2018 жылы PhD кандидаттық диссертациясын «Қазақстандық газеттер мен жаңалық сайттары тақырыптарындағы трансформацияланған фразеологиялық бірліктердің қызметі» тақырыбында қорғады (жетекшісі профессор Э.Д. Сүлейменова). 2017-2018 жылдары Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде орыс тілі және әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы болып жұмыс істеді. 2018 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасында оқытушы, кафедра меңгерушісі, ғылыми жарияланымдардың, оқулықтар мен оқу құралдарының авторы. 2018 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық университетіне екінші жоғары білім бағдарламасы бойынша оқуға түсіп, оны 2020 жылы «Орыс тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша аяқтайды. Ғылыми қызығушылықтары: фразеология, тіл теориясы, шет тілін оқыту әдістемесі, шетел (ағылшын) тілі.
Білім беретін мекеме |
Квалификация |
Аяқталу күні |
---|---|---|
ҚазХҚӘтУ |
Жоғары |
2005 |
Ғылыми дәреже атауы |
Ғылым саласы |
Диплом берілген күні |
---|---|---|
PhD докторы |
11.07.2018 |
Файл атауы |
Тақырыбы |
Сипаттамасы |
---|---|---|
Оқитын тілдің лексикологиясы |
экзамен_видео |
|
Кәсіби бағдарлы шетел тілі |
Силлабус. Профессианальный ориентированный язык |
|
Кәсіби бағдарлы шетел тілі |
методические рекомендации |
|
Кәсіби бағдарлы шетел тілі |
Additional materials for students |
|
Кәсіби бағдарлы шетел тілі |
краткое содерж лекции |
|
Оқитын тілдің лексикологиясы |
kozub_l_s_modern_english_lexicology |
|
Оқитын тілдің лексикологиясы |
ginzburg_r_s_khidekel_s_s_et_al_a_course_in_modern_english_l |
|
Оқитын тілдің лексикологиясы |
jackson_howard_lexicography_an_introduction |
|
Оқитын тілдің лексикологиясы |
lexicology exam |
|
Оқитын тілдің лексикологиясы |
Карта учебно-методической обеспеченности дисциплины |
|
Кәсіби бағдарлы шетел тілі |
Howard Sargeant. Basic English Grammar(1) |
|
Кәсіби бағдарлы шетел тілі |
руководство по организации СРС |
|
Шетел тілі |
Силлабус. Elementary Level. Foreign Lang. 1 курс(1) |
|
Шетел тілі |
учебные материалы к практическим занятиям |
|
Шетел тілі |
Иностранный язык жур |
|
0
құжаттар
0